Ресейдің Пермь қаласында жүргізушісі жоқ көлік дөңгелектене айналды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желілерде тараған видеодан көліктің жүргізушінің көмегінсіз оталып, шыр көбелек айналғанын аңғаруға болады. Кейіннен іш киіммен жүгіріп шыққан көлік иесі, есікті ашып, көлікті зорға тоқтатты. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.
Желі қолданушылар бұл тылсым күшке таңғалып, әр түрлі пікір қалдырып жатыр.
"Дәл осындай автокөлікті сатып алу керек қой", "Ресейде мұндай оқиғаға таңқалудың қажет жоқ", "өте қызық көрініс, көз алмай қарауға болады", "көлік көтерілісі", - деп әзілдесті олар.