Шымкент қаласындағы қоғамдық ұйым өкілдері бас қосуында «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Жамалбек Шәріпбек ҮЕҰ-дың жұмысын қадағалауды жолға қою мәселесін тілге тиек етті, деп хабарлайды Sn.kz.
– Облыс орталығы мен Шымкент бөлінгеннен кейін, шын мәнінде үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибелі, белсенділерінің бәрі Шымкентте қалып кетті. Мықты азаматтар көп. Министрліктен тікелей бөлінетін қаржы 600 млн теңге, жергілікті бюджеттен 60-70 млн теңге бөлінеді. Мемлекет қазынасынан бөлінген қаражаттың қалай игерілгені туралы мониторинг жасалуы керек, – деді Ж. Шәріпбек.
Жиын барысында ҮЕҰ-ның жетекшілері пікірлерін ортаға салды. Ал сала өкілдері қойылған сауалдарға жауап беріп, ұсыныстардың алдағы уақытта ескерілетінін жеткізді. Кездесу соңында ҚР Президентінің көмекшісі Аида Балаева өзара сенім мен ашық диалогқа негізделген осындай кездесулердің жиі өтіп тұратынын айтты.