Елімізде жол ережесінің айыппұл құнын төмендетпейтін болды. Жол жүру ережесіне байланысты Әкімшілік Кодекс заңына түзету енгізуші мәжілісмендер осылай деді деп жазады Kolesa.kz
Бұл мәселені қараған бюджеттік комиссия мүшелері мен Әділет министрілігі «Заң жақында қабылданғандықтан оны жиі өзгерте беруге болмайды» деген уәж айтып, ұсынысты қабылдамады.
Сондай-ақ, депутаттар айыппұл құнын төмендету мәселесін алдағы уақытта қайта қарастыратынын айтады.