$ 494.87  520.65  4.91

Ақмолада 21 жастағы полицей өзін атып өлтірді

Ақмола облысындағы уақытша ұстау абақтысының күзетінде қызмет етіп келген полицей өзіне қол салды деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 11 қаңтар күні орын алған.

Қайтыс болған тәртіп сақшысы Есіл аудандық ІІБ-нің кіші сержанты - Курков Николай Русланович, 1994 жылдың 19 наурызында дүниеге елген. Ол күдіктілердің уақытша қамауда ұсталатын изоляторында конвой қызметін атқарып келген. Марқұм қызметтік тапаншасымен өзінің басынан атыпты.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Н.Курковтың анасы ұлының өліміне үлкен қарыз себеп болды деп отыр. Айтуынша, осыдан біраз уақыт бұрын Николай көлік алу үшін біреуге үлкен сома қарыз болып қалған көрінеді.

Ақмола облыстық Ішкі істеп департаментіндегілер Курковтың денсаулығында ақау болмағанын, суицидке деген ауытқудың болмағанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары