Нұр-Сұлтан әуежайында оқ атылды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желі қолданушысының сөзінше, 3 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан әуежайындағы апатты-құтқару қызметінің ғимаратында қару тексеріп жатқан үш инспекторға мылтық өздігінен атылып, оларды жаралаған.
Полиция департаменті бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеді.
«Факті Нұр-Сұлтан әуежайына қарайтын полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 114-бабының 3-тармағы бойынша тіркелген. Істің мән-жайын тексеріп жатырмыз», – деді департаменттің баспасөз қызметі.
Әуежайдың сайтындағы мәліметке сәйкес, апатты-құтқару қызметі ұшақтардың ұшып-қонуы кезінде аэродром аумағындағы өрт қауіпсіздігін, апатты-құтқару операцияларын жүргізуді қамтамасыз етіп, төтенше жағдай кезінде көмек көрсетумен айналысады.
Дереккөз: "Айқын" газеті