$ 442.05  474.14  4.74

Шымкентте жаңа жобалар іске асырылып жатыр

Маңызды жиында Жастар ресурстық орталығынан құрылған «Аутрич, NEET жастармен жұмыс» бөлімінің атқарған жұмыстары айтылды.

Шымкент қаласы əкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртайдың төрағалығымен "Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" пилоттық жобасы аясында жиын өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Басқосуда белгілі болғандай, отбасындағы зорлық-зомбылықтың, ана, бала жəне отбасы мүшелерінің зардап шегуінің алдын алу мақсатында бұл жоба жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, маңызды жиында Жастар ресурстық орталығынан құрылған «Аутрич, NEET жастармен жұмыс» бөлімінің атқарған жұмыстары айтылды. 

Жыл соңына дейін аталған бөлім қызметкерлері әр шағынаудан бойынша тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар саны, орын алған құқықбұзушылықтар, маскүнемдер мен жұмыссыздар, жабық топтардың нақты ақпараттарын жинақтамақ. 

Сонымен қатар, аудандар бойынша келеңсіз жағдайлардың алдын алу және оқиға болғанда хабарлама қалдыратын ортақ чат құрылу үстінде. Олардың саны қазір 51-ге жетті. Осы жүйе арқылы қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алып, күресу көзделіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары