$ 498.34  519.72  4.85

Безбүйрек ана баласын екі мың долларға сатып жіберген

31 жастағы Мария Доминго-Перез өзінің бес баласының біреуін белгісіз бір жұпқа сатқан. Оқиға бастауыш мектеп ғимаратының алдында болған.
Фото: Warren County Regional Jail
Фото: Warren County Regional Jail

Американың Кентукки штатында бастауыш мектептің алдында туған баласын бөтен біреулерге сатқан әйел тұтқындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

The Sun басылымының ақпарынша, 31 жастағы Мария Доминго-Перез өзінің бес баласының біреуін белгісіз бір жұпқа сатқан. Оқиға бастауыш мектеп ғимаратының алдында болған. Сатып алушылар безбүйрек анаға екі мың доллар төлепті.

Мектепте осы оқиға жайлы қауесет тараған. Нәтижесінде полиция қызметкерлері әйел мен сатып алушыларды – 37 жастағы Катарина Хосе Фелипе мен 45 жастағы Хосе Мануэль Паскальді қолға түсірді.

Басында безбүйрек ананың полицияға берген жауаптары жалған болып шыққан. Алайда, кейіннен ол кінәсін мойындапты. Құқық қорғаушылар баланың жасы мен жынысына қатысты ақпарат берген жоқ.

3 желтоқсан күні ұсталғандарға баланы сату мен сатып алу бойынша айыптар тағылды. Саудаға салынған бала мен әйелдің қалған төрт баласы қазіргі уақытта мектеп қызметкерінің қарауында қалып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары