07.12.2019, 05:00

23 жастағы қызды бір топ жігіт өртеп жіберді

Фото: news-r.ru
Оқиға теміржол стансасының маңында болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бойжеткен зорлану фактісі бойынша сот отырысына бара жатқан.

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында 23 жастағы қызды бір топ жігіт өртеп жіберген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға теміржол стансасының маңында болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бойжеткен зорлану фактісі бойынша сот отырысына бара жатқан. Қазір ол ауруханада ауыр халде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның денесінің 90 процентін күйік шалған. Күдіктілердің барлығы қолға түсті. Тергеу барысында қамалғандардың арасында қызды зорлағандар да бар. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.