6 желтоқсанда сағат кешкі 19. 50 шамасында «Индер-Атырау» трассасының Бөдене ауылы түсында ресейлік номерлі Opel Vectra мен Lada Х-Ray автокөліктері соқтығысып, Opel-дің 32 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«АқЖайық» басылымының жазуынша, «Лада Х-Рей» көлігінің рулінде Құрылыс ауылындағы орта мектептің директоры болып, Индер ауданы орталығыннан пәндік олимпиадаға қатысқан 5 оқушыны әкеле жатқан. Зардап шеккен 9 адам, ішінде 5 бала бар, түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.
АЖ-ға облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейін тергеп-тексеру басталды.