$ 498.34  519.72  4.85

14 жастағы мүгедек қыз оңалту кезінен жүкті болып оралған

Көбіне ата-аналарға кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудегі ата-аналық міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік жүктелуі мүмкін.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ақтөбелік үш бірдей мектеп оқушысы жүкті болды. Олардың бірі оңтүстік астанада оңалту кезінде бір жігітті кездестірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде үш бірдей орта мектеп оқушыларының жүкті екені инспекторлардың, мұғалімдер мен мектеп директорларының соңғы жиналысында белгілі болды.

Жағдайды "Нұр Отан" партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің жетекшісі Мария Тәжібаева айтты, ол оқу орындарының басшыларын барлық жайттан хабарсыз болғаны үшін кінәлады.

"Оқушыларыңызбен сөйлесесіздер ме, әлде кабинетте отырып аласыздар ма? Мектеп директоры бәрін білуі керек", - деп Тәжібаеваның сөзі келтірілді Ақтөбе Таймс басылымының Instagram-парақшасында.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, жүкті үш арудың ешқайсысы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жоқ.

Ведомство өкілінің айтуынша, қыздардың бірі оңалтудан өтіп жатқан оңтүстік астанадан жүкті болып оралған.

Оқушының жасы 14-те, ол мүгедек. Алматыда ол анасымен бірге жүрген. Ал әйел адам қызының аяғы ауыр екенін білмепті.

Әкімдіктің айтуынша, олар ең алдымен осындай балалардың отбасыларымен жұмыс істейді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының ата-аналары жағдайды біліп, кәмелет жасқа жеткенде балалар үйленеді деп келісетін кездер де болады екен.

Алайда, кез келген жағдайда, студенттердің жүктілік жағдайлары әрқашан арнайы комиссияның қарауына жіберіледі. Көбіне ата-аналарға кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудегі ата-аналық міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік жүктелуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жүкті әйел