Жуырда Бадам-1 тұрғын алабы Ырысқұлов көшесінің бойында орнатылған патрульдік полиция автокөлігінің муляжын екі жергілікті тұрғын бұзақылық ниетпен құлатқан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Шымкент ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері бұзақыларды ұстап, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті Полиция қызметі басқармасы және Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері алдағы уақытта осындай жағдайларды болдырмау мақсатында аталған елдімекеннің тұрғындарымен профилактикалық әңгіме жүргізді.