$ 445.66  474.58  4.78

Садриддин Ахмедов 11-ші қарсыласын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Жеңіліп көрмеген қазақстандық үшін бұл 2019 жылғы 5-ші жекпе-жек болатын. Садриддин олардың 4-еуін мерзімінен бұрын аяқтады.

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) өзінің кәсіби рингтегі кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kzSports.kz-ке сілтеме жасап.

Монералда Ахмедов аргентиналық Хосе Вильялобоспен (12-5-2, 7 КО) кездесті. Ол жетінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңімпаз атанды. Тіпті, қарсыласын нокаутқа түсірердің алдында-ақ оны бұрыштан-бұрышқа қуалап, соққының астына алған.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық үшін бұл 2019 жылғы 5-ші жекпе-жек болатын. Садриддин олардың 4-еуін мерзімінен бұрын аяқтады.

Ахмедовтің осымен кәсіби рингте 11 жеңісі бар және ол өзінің жеңісті жолынан жаңылмай келеді. Ал Вильялобос үшін бұл – алтыншы жеңіліс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары