Ақмола облысы «National Tourism Awards - 2019» ұлттық сыйлығының қорытындысы бойынша үш аталымға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиевке сілтеме жасап.
Марат Иғалиев өзінің Instagram-дағы парақшасында «Ақмола облысы туризмде бірінші орын! Елордада «National Tourism Awards 2019» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын таңдады» деп жазған.
Оның сөзінше, Ақмола облысы «Үздік 4 жұлдызды отель» - GreenWhich Kokshetau, «Қазақстанның үздік шипажайы» - Оқжетпес, бұл Орталық Азиядағы халықаралық EuropeSpa сертификатын алған алғашқы шипажай, сондай-ақ, «Балалар мен жасөспірімдердің үздік туристік жобасы» аталымдары бойынша жеңімпаз атанған.