Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) өзінің кәсіби рингтегі кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz, Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Монералда Ахмедов аргентиналық Хосе Вильялобоспен (12-5-2, 7 КО) кездесті. Ол жетінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңімпаз атанды. Тіпті, қарсыласын нокаутқа түсірердің алдында-ақ оны бұрыштан-бұрышқа қуалап, соққының астына алған.
Жеңіліп көрмеген қазақстандық үшін бұл 2019 жылғы 5-ші жекпе-жек болатын. Садриддин олардың 4-еуін мерзімінен бұрын аяқтады.
Ахмедовтің осымен кәсіби рингте 11 жеңісі бар және ол өзінің жеңісті жолынан жаңылмай келеді. Ал Вильялобос үшін бұл – алтыншы жеңіліс.