Семейдегі сәулет туындылары саналатын тарихи ғимараттардың кейбірінің халі өте жаман. Жаман дейміз ау, тіпті сорақы күйде,-деп хабарлайды "Қазақстан" Ұлттық арнасы.
Көне ғимараттардың арасында «мемлекет қорғауына алынған»- деген мәртебесі барларының өзі қорғалып емес, қорланып жатқан сияқты. Тек әкімдіктің балансында болғаны үшін ғана, қабырғалары қалқиып тұрғандары бар. Жөнделмейді, қалыпқа келтірілмейді, күзетілмейді.
Кезінде Алаш қайраткерлері тұрған, жұмыс істеген ғимараттардың бірі де қалмаған. Алаш идеясының маңызын кейбіреулер түсінбей, қиял-ғажайып сияқты қарайды ғой, ал егер сол ғимараттар сақталғанда көзге шұқып көрсетер едік.