$ 444.22  476.38  4.82

«Денесін егеуқұйрықтар кеміріп тастаған»: Алматыда нәрестенің өлі денесі табылды

Жантүршігерлік жайт Алматыдағы Сайран көлінің маңында орналасқан тастанды ғимараттың бірінде болғаны расталды.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Алматы қаласының тұрғыны Андрей Андреев өзінің Facebook-парақшасында Алматы қаласындағы қараусыз қалған ғимараттың бірінен нәрестенің өлі денесі табылғанын жазды,-деп хабарлайды SkifNews ақпарат порталы.

Жантүршігерлік жайт Алматыдағы Сайран көлінің маңында орналасқан тастанды ғимараттың бірінде болғаны расталды. Ішке қоңырау түскен бойда оқиға орнына полиция мен жедел-жәрдем қызметкерлері келіп жеткен. Өкінішке орай бала бірнеше күн салқын жерде жатып қалған. Егеуқұйрықтар болса денесін кеміріп тастаған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті.

Оқиға куәгері Андрей Андреев "Адамдар хайуаннан бетер. Тіпті жануардың өзі баласы үшін жанын құрбан етеді. Ал адамдар өзінен туған сәбиін өлім аузына тастай салады" деп ашынып жазба қалдырған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары