$ 449.3  489.69  4.89

Қазақстанда іздеуде болған қылмыскерді Нью-Йорк полициясы құрықтады

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, елде өткізілген 5 күндік операция нәтижесінде тәртіп сақшылары Нью-Йоркте елдің иммиграциялық заңдарын бұзған 12 шетелдік азаматты ұстаған.Олардың барлығы қамауға алынды.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Америка Құрама Штаттарының иммиграциялық және кедендік полициясы Нью-Йоркте Қазақстан билігі іздеген қылмыскердің ұсталғандығы туралы хабарлады деп жазады ведомствоның сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, елде өткізілген 5 күндік операция нәтижесінде тәртіп сақшылары Нью-Йоркте елдің иммиграциялық заңдарын бұзған 12 шетелдік азаматты ұстаған.Олардың барлығы қамауға алынды.

Сонымен қатар, полицияның хабарламасында айтылғандай, тұтқындалғандардың бәрі Нью-Йоркте өз елдеріндегі сот төрелігінен жасырынып жүрген болып шықты.

Ұсталған азаматтардың бірі Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеген қылмыскер екені анықталды. 27 жастағы ер адам тонау қылмысы бойынша өз Отанында бес жылға сотталыпты.

Сонымен қатар, шетелдік қашқындар тізімінде Ресей Федерациясы, Мексика, Жапония, Колумбия, Чили және Аргентина елінің азаматтары бар.

Олардың барлығы қазіргі уақытта қамауда отыр. Жақын күндері тұтқындалушыларға қатысты сот тыңдалымы өтіп, олардың тағдыры шешілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары