Стамбұлдың тарихи орталықтарының бірі саналатын Сұлтанахмет алаңында жарылыс болып, салдарынан 10 адам қаза тапты, тағы 15 тұрғын түрлі дене жарақаттарын алған деп жазады Reuters.
Құқық қорғаушылар болған жайтқа лаңкестік оқиға деген баға беруге асығар емес. Дегенмен, жарылыстың қасақана ұйымдастырылғаны айдан анық дейді куәгерлер. Қазіргі таңда тергеушілер қандай заттың жарылғанын, оның қуаттылығын және қатысы болуы мүмкін тұлғаларды анықтап жатыр.
Белгілі болғандай, зардап шеккендер қатарында Германия мен Оңтүстік Корея азаматтары бар. Қазір оқиға болған жер қоршалып, полицейлер жұмыс жүргізіп жатыр.