$ 444.22  476.38  4.82

Шекарашылар еркектің қауқарын арттыратын 28 қорап дәріні тәркіледі

Кеше Қорғас шекара бекетінде Қытайдан Қазақстанға 28 қорап «Тонгкат Али Платинум» дәрілік препаратын ешқандай құжатсыз алып өтпек болған 35 жастағы әйел ұсталды деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мамандары.

Ұсталған әйел сол шекара маңындағы елдімекендердің бірінде саудагер болып жұмыс істейді екен. Қытайда жасалған дәрі-дәрмекті ол Қазақстанда сату үшін өзімен алып жүргенін айтып ақталды.

Айта кетейік, «Тонгкат Али Платинум» препараты еркектің төсектегі қауқарын арттыру үшін жасалған дәрі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары