$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте әлеуметтік көмекке қатысты түсіндіру жұмыстары жалғасуда

"Учаскелік комиссия мүшелері азаматтардың мұқтаж-мұқтаж емес екенін 7 күнде қарайды, бұрын 3 күн белгіленде олар тапсырған құжаттарды дер кезінде қарап та үлгермеді", - дейді Ғалымжан Талғатұлы.

2020 жылы қаңтар айынан басталатын жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осыған орай №3 емханада қала тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sn.kz.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаевтың айтуынша, жәрдемақы тағайындаудың жаңа форматында жұмыссыз үйде бала күтімінде отыру 3 жылға қысқарған. Бұған дейін 7 жылға дейін отыруға болатын еді. Сонымен қатар, АӘК алатын отбасы мүшелерінің біріне жұмысқа тұру міндетті. Егер ол жұмыстан бас тартатын жағдайда атаулы әлеуметтік көмек беру 6 айға дейін тоқтатылады.

"Учаскелік комиссия мүшелері азаматтардың мұқтаж-мұқтаж емес екенін 7 күнде қарайды, бұрын 3 күн белгіленде олар тапсырған құжаттарды дер кезінде қарап та үлгермеді", - дейді Ғалымжан Талғатұлы.

Ал Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Аманжол Нүрсейітов жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларға кепілдендірілген жәрдемақы ешқандай табысқа, күнкөріс деңгейіне қарамастан тағайындалатынын айтады.

"Атаулы әлеуметтік көмекке тапсырылған отбасылардың балаларына қосымша мемлекеттік әлеуметтік пакет беріледі. 1-6 жасқа дейінгі балаларына гигиеналық заттар, мектеп формасы, киім-кешек, ыстық тамақ, қоғамдық көлікте қатынауы бәрі тегін берілмек", - деді Аманжол Елікбайұлы.

Жиында, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету мақсатында қаңтар айында іске қосылатын әлеуметтік портал туралы айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары