$ 494.87  520.65  4.91

Сал ауруымен ауыратын қазақстандық жігіт қолкүрестен Әлемді мойындатты

Данияр бұған дейін Қазақстанның, Азияның чемпионы болды. Румыния, Қырғызстан, Түркия елдерінде өткен жарыстарға қатысқан.

Церебралды сал ауруымен ауыратын, үшінші топтағы мүгедек риддерлік жас қол күрестен әлем чемпионатында қола жүлде алды, деп жазады Altaynews.kz ақпарат порталы.

"Данияр Ауданбек осыдан төрт жыл бұрын, 14 жасында армрестлингпен айналысуға келді. Кескіні нәзік баланың болашақта мықты спортшы боларына ол кезде ешкім сенбеген. Бір қуантарлығы ол турникке жақсы тартылады екен. Мінезі де бар. Маған тап осындай мінезді бала керек еді", – деді Даниярдың жаттықтырушысы Әділжан Дүсіпов.

Данияр бұған дейін Қазақстанның, Азияның чемпионы болды. Румыния, Қырғызстан, Түркия елдерінде өткен жарыстарға қатысқан.

"Өмірімді спортсыз елестете алмаймын. Спорттың арқасында танымым кеңейді, шет еклдерді көрдім, достар, жанашыр адамдар таптым. Алдағы уақытта университет тәмамдап, мүмкіндігі шектеулі жандарды қол күреске жаттықтырғым келеді. Ал әзірге Филиппинде өтетін Азия ойындарына дайындалуым керек", – деді 19 жастағы спортшының өзі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Казспорт