Алматыда тұрғындар хабарлаған күмәнді қорапқа байланысты көше жабылды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияға Саин көшесі мен Төле би даңғылының қиылысында күмәнді қорапша жатқаны туралы хабар келіп түскен.
"Қаланың шұғыл және жедел қызметтері бірінші кезекте тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшені қоршап, патруль полициясы көлік құралдарының жүру бағытын өзгертті", - деп хабарлады полиция өкілі.
Тексерістен кейін қорапта қауіпті заттар жоқ екені анықталды. Алматы қалалық полиция департаменті тұрғындардың сақтығы үшін ризашылығын білдіреді.