$ 494.87  520.65  4.91

«Рухани жаңғыру»: Алматының архитектуралық келбеті біркелкі үлгіге көшеді

Дизайн-код – қала өркендеуінің негізгі бөлшектерінің бірі. Бұл – қаланы, қала көшелерін, қоғамдық аймақтарды безендірудің бірыңғай сәулеттік стилі.
фото: buro247.kz
фото: buro247.kz

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жағыру» бағдарламасы аясында Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қаланың дизайн-коды аясында маңдайшаларды ілу ережелерінің таныстырылымын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz.

Дизайн-код – қала өркендеуінің негізгі бөлшектерінің бірі. Бұл – қаланы, қала көшелерін, қоғамдық аймақтарды безендірудің бірыңғай сәулеттік стилі. Жобаның мақсаты – ғимарат қасбеттерінің элементтерін тұрғызуға қойылатын жалпы талаптарды әзірлеу: кіре беріс, маңдайшалар, ақпараттық тақталар, балкон қоршаулары, ауабаптағыш және т.б. Нысанның қасбетіне бірнеше ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің белгілерін бір сызықта, бір биіктік қатарына қою ұсынылады. 

«Визуалды шудың салдарынан адамдар қаланы бағаламайды. Ғимараттардың сәулеттік құндылығы жоғалып барады. Адамдар көз тартатын әдемілікті көрмейді. Нәтижесінде қала тұрғындары көшеде серуендеуді қойып, бос уақыттарын сауда орталықтарында өткізеді. Дұрыс дизайн–код серуендеу мәдениетін қайтарады.

Қазір адамдар көшені демалыс орны ретінде қабылдамайтын болды. Қала орталығының нашарлауы тұрғындардың да, шағын бизнестің де зардап шегуіне әкеледі. «Жарнамалық анархияның» арқасында үлкен ресурстарды ірі компаниялар басып алған. Шағын бизнес жарнамалық кеңістіктегі бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Егер барлық белгілер сыртқы келбеті мен өлшемі бойынша біркелкі болса, барлық кәсіпорындар тең дәрежеде жүреді және сауда орталықтарынан көшеге оралған әлеуетті клиенттерді тартуға мүмкіндік бар», - деп санайды департаменттегілер. 

Сонымен қатар, ғимараттардың сыртқы келбетінің негізгі проблемалары аталды: архитектураға назар аудармау; шектеулі аймақта белгі қою; тарихи ғимараттардағы ескі қасбеттер; жабық терезелер; 
Негізгі мәселелерді шешуге арналған ұсыныстар: Маңдайша ілуді азайту; Белгі мен таңбалар санын төмендету керек. Маңдайшада тек үш өлшемді әріптерді қолданыңыз (кез келген белсенді белгі қатты әсер етеді және көріністі бұзады); архитектуралық элементтерге - терезеге немесе есіктерге белгілерді байланыстыру қажет. 

Басқарманың хабарлауынша, 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында талапқа сай емес 3521 жарнама жойылды. 

Таныстырылымның толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары