$ 494.87  520.65  4.91

«Рухани жаңғыру»: Алматылық кардиологтар жаңа технологиямен ота жасады

«Ісікті операциялық жолмен шұғыл алып тастау керек болды, әйтпесе, ісік митральды қақпақшаны жауып тастар еді. Бұл өлімге әкеледі», - деді Алматы қалалық кардиология орталығының бас дәрігері Алмат Қодасбаев.

Алматылық кардиологтар Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» юағдарламасы аясында жаңа технологиямен ота жасап, қатерлі дертке шалдыққан әйелдің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Sn.kz.

Денсаулығына шағымданған әйелді дәрігерлер дереу эхокардиографиядан өткізді, нәтижесінде миксома - жүрек ісігі анықталды. Яғни сол жақ атриум жүрегінің қатерлі ісігі. Ісік митральды қақпақшаны жауып қалуға аз қалған. 

«Ісікті операциялық жолмен шұғыл алып тастау керек болды, әйтпесе, ісік митральды қақпақшаны жауып тастар еді. Бұл өлімге әкеледі», - деді Алматы қалалық кардиология орталығының бас дәрігері Алмат Қодасбаев. 

Операция жасанды жолмен қан айналуды реттеу арқылы жүректі 20 минут тоқтатып қойып жасалды. Дәрігерлер осы уақыт ішінде ісікті алып тастады. Жалпы, ота 2 сағатқа созылды. Бүгінгі күні науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдайы тұрақты, оны ауруханадан үйіне шығаруға дайындап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ота