$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда «Мен Қазақстанның патриотымын» атты дәріс өтті

«Өзін-өзі тану» гимназия директорының орынбасары Ирина Григорьева «ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы болашақ әскери-патриотты ұрпақты тәрбиелеуде ерен еңбегі зор.

Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күні қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Әскери журналистика» мамандығы бойынша оқитын әскери кафедра студенттері оқытушылар басшылығымен «Мен Қазақстанның патриотымын» атты дәріс өткізді, - деп хабарлайды Sn.kz.

Дәріс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде болашақ әскери журналистер жоғары сынып оқушыларына «Өз Отанының патриоты қалай болу қажет?!» тақырыбы барысында қазақстандық қоғамның құндылықтары, тәуелсіздігіміздің қауіп-қатерлері мен сын-қатерлері туралы сөз өрбіді.

Дәрістің екінші бөлімінде, «Өзін-өзі тану» гимназиясының салтанатты залында барлық жоғары сынып оқушыларына "Мен патриотпын!" атты концерттік бағдарлама көрсетілді. Студенттер оқушыларға қазақ хандығының құрылуынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихын ашық және бейнелі түрде айтып берді.

«Өзін-өзі тану» гимназия директорының орынбасары Ирина Григорьева «ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы болашақ әскери-патриотты ұрпақты тәрбиелеуде ерен еңбегі зор. Осы ретте мен әскери кафедра ұжымының жұмысын жоғары бағалап, алғысымды білдіремін» – деді орынбасар.

Бүгінде ҚазҰУ мен «Бөбек» Ұлттық орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес ҚазҰУ әскери кафедрасының оқытушылар құрамы мен студенттері бірнеше жыл бойы «Бөбек» ҰО «Өзін-өзі тану» гимназиясының оқушыларымен әскери-патриоттық жұмыстарды белсенді жүргізіп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары