$ 444.32  473.33  4.76

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық

Қазақстанның басым бөлігінде ашық болады, елдің солтүстігінде ғана атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасындатады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Ақмола, Павлодар,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, желдің күші - 15-20, Шығыс Қазақстан облысында ұйтқуы 25 м/с-қа дейін  күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасынды, тұманды болады, Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін  жетеді.

 Қарағанды облысында түнде кей жерлерінде тұман түседі,  бұрқасын жүреді, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау, Маңғыстау облыстарында күндіз кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні  15-20 м/с-қа дейін  күшейеді.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары