06.12.2019, 17:16

"Қазақ пен қала" байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгінгі қала өмірін, қаладағы қазақ тұрмысын сипаттайтын шығармалар арасынан бірінші орынды "Аждаһаның жүрегі" әңгімесімен Нұрбек Нұржанұлы (1 миллион теңге) иеленді.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақ прозасындағы қала тақырыбын тереңдей игеру мақсатында осымен екінші жыл өтіп жатқан "Қазақ пен қала" прозалық байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Байқауға 45 жасқа дейінгі жазушылар қатысты, деп хабарлайды Sn.kz.

Әділ қазылар құрамындағы – Жұмабай Шаштайұлы, Тұрсынжан Шапай және Амангелді Кеңшілікұлы осыған дейінгі түскен 61 шығарма арасынан үздіктерді анықтады.  

Бүгінгі қала өмірін, қаладағы қазақ тұрмысын сипаттайтын шығармалар арасынан бірінші орынды "Аждаһаның жүрегі" әңгімесімен Нұрбек Нұржанұлы (1 миллион теңге) иеленді. 

Екінші орынға Әлихан Нұрбергенұлының “Тамұқтағы жалғыздық” әңгімесі  (500 мың теңге) лайық деп танылды. 

Үшінші орынды Бекзат Алтынбек “Қабылдау кестесі” әңгімесі үшін иеленді. Жүлдесі – 300 мың теңге. 

Есенқұл Маманұлы атындағы арнайы жүлдені “Соңғы трамвай” әңгімесімен Досхан Жылқыбай еншіледі. Бұл сыйлықты “Асылтас” Қоғамдық Қорының президенті, меценат Дулат Тастекеев тағайындап отыр. Жүлдесі – 200 мың теңге. 

Ынталандыру сыйлықтарын “Қасиетті ойын” әңгімесімен Думан Терлікбаев, “Қара мысықтың қожайыны” әңгімесімен Әлішер Рахат алды. Жүлделері – 100 мың теңгеден.

Тегтер: қала қазақ