$ 494.87  520.65  4.91

«Рухани жаңғыру»: Алматы полицейлері қан тапсырды

Соның ішінде Алматы-1 стансасындағы желілік полиция басқармасы Алматы қалалық Қан орталығына қан тапсырды.

Алматы қалалық Полиция департаменті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күніне орай «Он алтыншы Желтоқсанға он алты қайырымды іс» атты бастама көтеріп, өздерінің күнделікті қарбалас тіршіліктеріне қайырымды іс-шаралар жоспарын жүзеге асырды, деп хабарлайды Sn.kz.

Соның ішінде Алматы-1 стансасындағы желілік полиция басқармасы Алматы қалалық Қан орталығына қан тапсырды. 

Алматы қалалық Қан орталығының директоры Жандос Нәдіров қолдау білдіріп, дереу донорларды жинақтау бөлімінің аға мейірбикесі К.Насрединоваға  жылжымалы қан жинақтау бригадасын жинау жөнінде тапсырма берді. Орталықтың терапевт дәрігері Гүлшат Маханбетова жетекшілік ететін құрамында зертханашылар мен медициналық тіркеуші, трансфузиолог мейірбикелер Г.Құджыбаева, К.Смақова, А.Жаппарова, Г.Мұхамеджанова, Н.Құрманова, Д.Рақымжанов  бар бригада Алматы-1 стансасында орналасқан желілік полиция басқармасына барды.

Орталық қызметкерлерін әуежайдағы желілік полицияның кадрлық саясат жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Ә.Якупов, Алматы-1 стансасындағы желілік полиция басқарма басшысының орынбасары Д.Дәрібаев қарсы алып, дәрігерлерге 60 полиция қызметкерінің қан тапсыруға дайын екендігі жөнінде рапорт берді. Қан тапсыруға басқарма басшысы өзі бірінші болып келді. Нәтижесінде 60 полиция қызметкері қан тапсырып, Тұңғыш Президент күні мен алда келе жатқан Тәуелсіздік күніне сауапты істерден тарту жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#полиция