$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Visa Fashion Week Almaty сән апталығы өтуде

VWFA халықаралық сән апталығының бас директоры - Жанель Бертаева. Ол шараға келген қонақтармен таныстырып өтті. Олар стрит стайл фотографтары: Асель Стю Дю Монд, Анастасия Street Pie, Пол.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстандық дизайнерлердің жаңа жылдық топтамалар көрсетілімі екі күнге дейін жалғаспақ. Іс-шарада тек отандық қана емес сонымен қатар отандық және американдық дизайнерлердің бірлескен жобалары да көрсетілетін болады, деп хабарлайды Sn.kz.

Халықаралық сән апталығына келген қонақтар арасында еуропалық фотографтар, Vogue және The New York Times басылымдарының қызметкерлері, сонымен қатар сән саласындағы беделді адамдар да кездеседі.

VWFA халықаралық сән апталығының бас директоры - Жанель Бертаева. Ол шараға келген қонақтармен таныстырып өтті. Олар стрит стайл фотографтары: Асель Стю Дю Монд, Анастасия Street Pie, Пол.

Қуантатын жайт, аталмыш сән мерекесіне танымал жапондық байер Мори Казума қатысты. Ол - Токио қаласындағы ең үлкен көрме залының иесі. Жалпы дизайнерлік өмірінде «көше» стилінде киім ойлап табумен айналысады. Олар отандық дизайнерлермен жақынырақ танысып, бірлесіп жұмыс жасауға қарсы еместігін айтып өтті. Оған еліміздің дизайнерлерінің киімдері ұнаған. Оның айтуына қарағанда, біздің отандық киімдер ұлттық стильмен ерекшеленеді екен.

Айта кетейік, Жапониялық дизайнер Мори Казума өзіне ізбасар іздеу үстінде. Оның жаңа ізбасары қазақ және орыс елдерінің стильдерін біртұтас етіп біріктіре алуы қажет. Ізбасар іздеудегі мақсаты - өз коллекцияларын Жапонияда ұсына алатын дизайнер табу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сән апталығы