Жаңалықтар 09.12.2019 сағат 21:55

63 жасқа толған Тасмағамбетов Ресейдегі Қазақстан елшісі қызметінен кетпек

Тасмағамбетов 2017 жылдың ақпан айында елші қызметіне тағайындалған болатын.
63 жасқа толған Тасмағамбетов Ресейдегі Қазақстан елшісі қызметінен кетпек
Фото: Bnews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Иманғали Тасмағамбетов Ресейдегі Қазақстан елшісі қызметінен кетпек. Бұл туралы Telegram-ға саясаттанушы Ербол Еділов жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен кетеді. Зейнет жасына келуіне байланысты демалысқа шығады», - делінген жазбада.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов бүгін 63 жасқа толды. Ол 1956 жылы 9 желтоқсанда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. 

Тасмағамбетов 2017 жылдың ақпан айында елші қызметіне тағайындалған болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар