$ 498.51  522.84  4.81

«Көзіңді ойып алам, қарама»: қазақ қызын түріктен қызғанған жігіттің автобустағы ВИДЕОсы жарияланды

Жігіт өзге ұлт өкіліне «қазақ қызына қарама, к...тіңдің айырып тастаймын. Көзіңді ойып алам, қарама» деп әмір береді.

 

Facebook әлеуметтік желісінде белгісіз ер адамның түрікке қоқан лоқы көрсеткен сәті түсірілген видеосы тарап кетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрда автобуста белгісіз ер адам түрік ұлтына ұқсас жігітті ұрығуға талпынып, оған «қазақ қызына қарама, к...тіңдің айырып тастаймын. Көзіңді ойып алам, қарама» деп әмір бергенін аңғаруға болады.

Желі қолданушыларының бірі «дұрыс, әр қазақ осылай істеуі керек» десе, енді бірі «мәдениетті түрде ескерту жасауға болмай ма?» деп ашуланды. 

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Иманмәзір есімді жігіт Алматыда түрікпен көрген қазақ қыздарына қырғидай тиіп, намысына тиетін сөздер айтқан болатын.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары