$ 448.15  483.46  4.86

Қызылордада жол апатынан 2 адам қайтыс болды

Қызылорда қаласының орталық бөлігіндегі Қорқыт ата және Желтоқсан көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысты.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Қызылордада жол-көлік оқиғасынан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қайғылы оқиға бүгін таңертең болған. Қызылорда қаласының орталық бөлігіндегі Қорқыт ата және Желтоқсан көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысты. 

«Mercedes-Benz» көлігінің иесі қарама қарсы бағытта келе жатқан «Volkswagen» маркалы автокөлікке жол берместен бұрылған. Оқыс оқиға салдарынан екі адам көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары