Із-түзсіз жоғалып кеткен Рудный қаласында тұратын 13 жастағы оқушы табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рудный қаласының полицейлері 28 қараша күні із-түзсіз жоғалып кеткен Денис Матвеевті бүгін тапты. Ол Рудный қаласындағы жақын маңдағы Юбилейный ауылында болған. Оның денсаулығы жақсы, қазіргі уақытта ата-анасына тапсырылды.
Рудный қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Денис Матвеев бұған дейін де бірнеше мәрте үйінен кетіп қалған.
Айта кетейік, баланы іздестіруге жедел топ құрылған. Еріктілермен бірлескен топ іздеу шараларын өткізді.