$ 443.85  474.3  4.8

14-16 желтоқсан күндері елордалықтар тегін экскурсияға қатыса алады

Экскурсия "AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және "Астана-Бәйтерек" монументінен басталады.

14-16 желтоқсан күндері елорда тұрғындары мен қонақтары "Red Bus" екі қабатты автобустарында қаланың басты көрікті жерлері көруге мүмкіндік беретін экскурсияға қатыса алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай қала тұрғындары мен қонақтары "Red Bus" екі қабатты экскурсиялық автобустарында басты көрікті орындардың қасынан бірнеше рет мініп, түсуге мүмкіндік беретін тегін экскурсияға қатыса алады. Экскурсия "AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және "Астана-Бәйтерек" монументінен басталады. 

Сондай-ақ экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы).  

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Сонымен қатар мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейтіндігін атап өткен жөн. 

"AiLand" аялдамасынан мінетін тұрғындар үшін қозғалыс кестесі төмендегідей:

- сағ. 10.00 (орыс тілінде); 

- сағ. 12.10 (қазақ тілінде); 

- сағ. 14.30 (орыс тілінде); 

- сағ. 16.40 (қазақ тілінде); 

- сағ. 18.50 (орыс тілінде). 

Елордалықтар ары қарай "Хан Шатыр" СОСО, "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасы, "Нұр-Әлем" сферасы, Ұлттық музей, "Астана Бәйтерек" монументі және "AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығына аялдайды. 

Ал  «Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан отыратын астаналықтар үшін қозғалыс кестесі келесідей: 

- сағ. 10.30 (қазақ тілінде); 

- сағ. 12.40 (орыс тілінде); 

- сағ. 15.00 (қазақ тілінде); 

- сағ. 17.10 (орыс тілінде); 

- сағ. 19.20 (қазақ тілінде). 

Одан кейін "AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, "Хан Шатыр" СОСО, "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасы. "Нұр-Әлем" сферасы, Ұлттық музей және "Астана Бәйтерек" монументі аялдамалары болады. Экскурсияға қызығушылық танытқан адамдар call-орталыққа хабарласуына болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары