10.12.2019, 07:27

Қостанай облысында 12 күн бұрын жоғалып кеткен оқушы табылды

Фото: Nikolaev.city
Рудный қаласының полицейлері 28 қараша күні із-түзсіз жоғалып кеткен Денис Матвеевті бүгін тапты.

Із-түзсіз жоғалып кеткен Рудный қаласында тұратын 13 жастағы оқушы табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рудный қаласының полицейлері 28 қараша күні із-түзсіз жоғалып кеткен Денис Матвеевті бүгін тапты. Ол Рудный қаласындағы жақын маңдағы Юбилейный ауылында болған. Оның денсаулығы жақсы, қазіргі уақытта ата-анасына тапсырылды. 

Рудный қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Денис Матвеев бұған дейін де бірнеше мәрте үйінен кетіп қалған. 

Айта кетейік, баланы іздестіруге жедел топ құрылған. Еріктілермен бірлескен топ іздеу шараларын өткізді.