Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған триатлон федерациясы (ATF) қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Indoor триатлоннан ІІІ ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sn.kz.
Aлматы триатлон федерациясының атқарушы директоры Руслан Қоғайдың айтуынша, жабық бөлмелердегі триатлон - қарсыластар мен төрешілер әрдайым қасында болатын ерекше бастама.
«Әрбір спортшыға біз «жеке» судьяны бекітеміз, ол кезеңдердің орындалу тазалығын бақылап қана қоймай, сонымен қатар бағыт учаскелерінен жақсы өту бойынша ұсыныстар береді. Бүгінгі чемпионат спорт ғимараттарының мүмкіндіктерін қаншалықты кеңінен қолданатынын көрсетеді. Велотренажерлер мен жүгіру жолдары әрбір фитнес-орталықта, ал жүзу бассейндері - әрбір дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бар. Сондықтан мұндай жарыстарды республиканың кез келген қалалары мен аудандарында өткізуге болады»,- деп түсіндірді Руслан Қоғай.
Бірінші күні «супер-спринт» (300 м - жүзу, 8 км - велоэтап, 2 км жүгіру) қашықтығында 13 жастан жоғары 60 кәсіби спортшы сынға түсті. Төрешілерден басқа, әрбір спортшыны жаттықтырушылар мұқият бақылап, жаңа спорт дарынын іздеді.
«2019 жылы Almaty Triathlon Federation қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі тоғыз жарыс өткізді. Жаппай триатлонды дамыту стратегиясы аясында бес әуесқой старт ұйымдастырылды», - дейді ATF бас бапкері Максим Мазур.
Чемпионаттың бірінші күнінің қорытындысы бойынша: Камилла Акимжанова, Данил Нисанов (U13-15); Снежана Шербул, Данил Коломыйцев (U16-17); Анатолий Соколов (U18-19); Мария Вязигина, Денис Никищенко (Elite) жеңімпаз атанды.
Жарыстың екінші күнінде «супер-спринт» қашықтығында 18-ден 60 жасқа дейінгі әуесқой атлеттер жарысқа шықты. Бұл жерде мотивация мүлдем басқаша болды: әркім қарсыластармен ғана емес, ең алдымен өз резервтерін «беріктікке» тексере отырып, өздерімен жарысты.
«Қашықтықтың шарттары старттан бастап стартқа дейінгі прогресті қадағалауға мүмкіндік береді. Судағы техника бойынша жұмыс істеуге, ашық су айдынында бағдарлауды, буйлардың орналасуын және т. б. ескерместен, өзінің «таза» жүзуін бағалауға жақсы мүмкіндік бар. Сонымен қатар, Indoor - спорт залдарында ұзақ кезеңдерде маусымаралық жаттығулар үшін ыңғайлы»,- дейді спорт шебері Максим Черный.
Чемпионаттың екінші күнінің жеңімпаздары: Амилия Искакова, Георгий Борода-Дудочкин (U18-29); Салтанат Қазыбаева, Роман Кузнецов (U30-39); Анна Строева, Владислав Копбосынов (U40-49). Айта кету керек, әуесқойлар кәсіби шеберлерден кем емес, ал «Ардагерлер» жарыста төзімділік пен күш-жігерді көресете білді. Осылайша, 50+ категориясында өнер көрсеткен Талғат Жұмағалиев пен Любовь Асанова екінші рет чемпиондар медалін тақты.
«Almaty Triathlon Federation» 2018 жылы ҚР-дағы барлық триатлон спорт бірлестіктері арасында «Жыл Федерациясы» деп танылды. ATF қызметінің арқасында Алматы қаласы Орталық Азиядағы триатлон дамуының басты драйвері болды.