Полицей мен ер адам Тарзадағы мектеп ауласында төбелесті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жаға жыртысқан екеудің әрекеті жұрттың зәресін ұшырған.
КТК арнасында көрсетілген видео ата-аналардың бойына қорқыныш ұялатты. Ішімдікке тойып алған 41 жастағы қала тұрғыны мектеп ауласына кіріп, адамдарды балағаттаған. Тараздағы әжетханада болған оқиғадан жүрегі шайылған инспектор ер адамды ауладан қуып шықпақ болады. Бірақ ол полицияға жұдырық ала жүгіріп, арты төбелеске ұласқан. Артынша полицей өзіне бағынбаған мас адамды самбо әдісімен есін жидырады.
Мектеп ауласында бұзақылыққа барған адам қазір қамауда. Енді ол құзырлы орган өкіліне қол көтергені үшін жауапқа тартылмақ.