$ 494.87  520.65  4.91

Үкі Әжиұлының 95 жылдық мерейтойына арналған көрме қойылды

Аталған көрменің кураторы - Гүлнұр Жұбанова.

Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстан акварелінің шебері, қазақ өнеріне еңбегі сіңген өнер қайраткері, мәдениет пен бейнелеу өнері саласындағы Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Тұңғыш президенті стипендиясының лауреаты, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты Әжиев Үкі Әжиұлының 95-жылдық мерейтойына арналған көрмесінің ашылуы өтті, - деп хабарлайды Sn.kz.

Көрмеге 70 астам графикалық және кескіндемелік туындылар қойылған. Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ коллекциясынан, сол сияқты суретшінің отбасылық жинағынан да алғаш рет қойылған туындылар бар. Үкі Әжиев өзінің көп қырлы шығармашылығында ұлттық акварель мектебінің қалыптасуы мен даму кезеңінің бүтін бір дәуірін бейнелейді. Тынымсыз шығармашылық ізденісі, адамға, айналасындағы бүкіл әлемге деген еркін сүйіспеншілігі, ол Қазақстандағы көркемдік үдерістің дамуындағы бірегей құбылыс ретінде лайықты мойындалды.

Ү. Әжиевтің туындылары біздің еліміздің мәңгілік мәдениет ескерткіші болып табылады, сондай-ақ Қазақстанды әлемнің ең үздік бейнелеу өнері жинақтарында әйгілі етеді: Лондон архитектура және өнер музейі (TateBritain), Мемлекеттік Третьяков галереясы, Шығыс музейі (РФ Москва қ.), ТМД елдері - Киев, Баку, Вильнюс, Рига музейі, Франция, Италия, Германия, АҚШ, Швейцария, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің жеке коллекцияларында.

Аталған көрменің кураторы Гүлнұр Жұбанова.

Айта кетейік, көрме бір айға, яғни, 2020 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көрме