Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» патриоттық шығармашылығын дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында А.Чехов атындағы кітапханада «Туған жерге туыңды тік» атты қорытынды дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Sn.kz.
Қорытынды дөңгелек үстелге архитектор, суретші, өнертапқыш Сәкен Нарынов, Еуразия инновациялық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Тәуке Алтынбеков, Қазақстан Қарулы күштерінің ардагері, толыстағы полковник, құқықтық педагогика ғылымдарының магистры Мұхамеджан Әбдібеков, айтыскер ақын Шұғайып Сезімхан, әлеуметтік ғылымдар магистры, әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ оқытушысы Нұрлан Наурызәлиев, журналист Оңғар Қабден сынды қонақтар қатысты.
Өнертапқыш, суретші, архитектор Сәкен Нарынов Алматы қаласын көркейтудегі иядеялармен, қаланың ең танымал жерінің бірі Арбатта орналасқан асықтар құпиясымен бөлісті. Сонымен қатар, көне музыкалық аспаптың бірі шаңқобызды тартып, студент жастарды таң қалдырды.
Профессор Тәуке Алтынбеков туған жердің ерекше естеліктерін айтып, қадір-қасиетінің зор екендігін жастарға түсіндірді. Қазақстан Қарулы күштерінің ардагері Мұхамеджан Әбдібеков Атамекеннің қаншалықты ыстық болатындығын ұғындыра өтіп, келген жастарға «Туған Жер» деген ұлы ұғымның маңызын, құндылығын ерекше сезіммен тебірене жеткізді.
Айтыскер ақын Шұғайып Сезімхан қолына ұлтымыздың киелі аспабы досбыраны алып, туған жердің қасиеті мен киесі жайлы жыр шумақтарын төкті. Сонымен қатар, мәдениеттанушы Бердалы Оспан «Туған жер» патриоттық шығармашылығын дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы, ондағы атқарылған шаралар туралы айтып, бұл жобаның маңыздылығын түсіндірді.
Туған жердің қасиетін ұғындырған жобаның қорытынды кеші өткен А. Чехов кітапханасының директоры Ләйлә Сәбитқызы да өз ойымен бөлісіп, жастарға рухани азық сыйлар жобалардың көп болуын қалайтынын айтты. Келген қонақтар алғысын білдіріп, ерекше әсерге толы болған рухани кеш көптің көңілінен шықты.