$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда студенттер арасында «Абай ойларының жастар тәрбиесіндегі құндылығы» атты жиын өтті

Кеште студенттер А. Құнанбаевтың   өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздерінің тәрбиелік мәнін зерделеді.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай Құнанбаевтың - сыншыл ойларының жастар тәрбиесіндегі құндылығы» атты жиын өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жастар жылы» аясында және Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай Құнанбаевтың сыншыл ойларының жастар тәрбиесіндегі құндылығы»  атты әдеби-танымдық, тәрбиелік, шығармашылық кеш өтті. 

Шараға  «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі Салқынбек Д.И. және оқытушылары Заурбекова Л.Р., Баймуратова Б.Т., Тастанова З.Т., Иманбаева С.С., Куппаева Б.Т., Ибрашева Ш.А.   ұйымдастыруымен  «Ветеринария» факультетінің 1-ші курс студенттері қатысты. 

Кешті кемеңгер ақынның «Адамның адамшылығы – ақыл ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады деген» ғибратты ойынан бастаған аға оқытушы Баймуратова Г.Ш., алғы сөзінде ақын шығармашылығының тәрбиелік мән-мағынасы терең, адамгершілік мақсат-мұраттарын білдіретін ой-толғаныстарын талдап ойын білдірді.

Сондай-ақ, аға оқытушы Тастанова З.Т., Абай Құнанбаевтың орыс халқының ұлы ақындары А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтын аударған өлеңдерінің эстетикалық мәніне талдау жасады.

Кеште студенттер А. Құнанбаевтың   өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздерінің тәрбиелік мәнін зерделеді. Әсіресе, А. Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әр неге», «Сегіз аяқ», « Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Қалың елім, қазағым қайран жұртым» «Жиырма екінші қара сөзі, отыз бірінші қара сөзі» және т.б шығармаларын оқыған 1-курс студенттері Мұхтар Н., Еркебаева А., Мұса Н., Бердіш Д., Сейтхажиева А., Қалибекқызы Н. оқыған өлеңдері  өте әсерлі  шықты.

Қауымдастырылған профессор Заурбекова Л.Р. ойшыл ақынның қара сөздерін бүгінгі күнмен үндестігін жаңа қырынан талқылап ой бөлісті.

Қауымдастырылған профессор Иманбаева С.С. өзінің сөзінде, қазақ қоғамдық ойында сыншыл бағыттың негізін қалаған бас ақынның өлеңдерінің, қара сөздерінің тәлім-тәрбиелік құндылығына тоқталды.

Кешті қорытындылаған профессор Салқынбек Д.И. бұл әдеби танымдық кештің егеменді еліміздің ертеңі болар саналы, білімді, ұлтжанды жастарды тәрбиелеу мақсатында өткізіліп отырғандығын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай #жастар