$ 443.44  480.51  4.88

Алматыда оқушылар арасында «Әлемге танылған Ұлы Абай» атты Абай оқуылары өтті

Аталмыш іс-шараға Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, профессор, филология ғылымының кандидаты Анарбай Бұлдыбай және тағы басқалар қатысты.

Алматы қаласы, Әуезов ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әлемге танылған Ұлы Абай» атты Абай оқуылары өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шара жергілікті әкімдіктің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге арысу аясында ұйымдастырылып отыр.

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында, Әуезов ауданының әкімі аппараты мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, «АвиМед» медициналық колледжінде аудандағы арнайы орта білім беру орындарының оқушылары арасында, «Әлемге танылған ұлы Абай» атты Абай оқуларын өткізді. 

Аталмыш іс-шараға Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, профессор, филология ғылымының кандидаты Анарбай Бұлдыбай және тағы басқалар қатысты. 

Байқау 3 кезең бойынша өткізілді. Олар:
Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу; 
«Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау; 
Абайдың әндерін орындау. 

Байқау нәтижесі бойынша, Дастан Қайратұлы қатысушыларға алғыс хаттарын табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл мамыр айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақтың Бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы Заңға қол қайған еді. 

«2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 1 шілдеге дейін 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылсын» деп жазылған Президент Жарлығында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#байқау