$ 439.43  473.31  4.82

«Рухани жаңғыру»: Алматылық шаңғышылар үшін ерекше байқау жарияланды

Мысалы, бұрын мұнда ұзындығы 16 шақырымды құрайтын 13 трасса болса, қазір олардың ұзындығы 20 шақырымға жетті.

«Eurosport» пен «Alma TV» алматылықтар арасында байқау жариялайды, деп хабарлайды Sn.kz сайты.

Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Алматыдағы «Oi Qaragay – Лесная Сказка» тау-шаңғы кешенінде өтетін қысқы маусымның ашылуына Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары шақырылуда. 

«Alma TV» компаниясы мен «Eurosport» телеарнасы бірлесе отырып, қала тұрғындары мен қонақтарына арнап  қызық байқау өткізбек. Келушілер «Alma tv» мен «Eurosport» дайындаған арнайы фотозонада суретке түсіп, кез-келген әлеуметтік желіге #Almatv_Eurosport хэштегімен жүктесе болғаны. 18 желтоқсан күні ұйымдастырушылар барлық суреттерді іріктеп, жеңімпазды анықтайды.  

Фотобайқау жеңімпазына табыс етілетін бас жүлде – фирмалық сноуборд.

Айта кетейік, жүлдегер сол жеңіп алған сноубордымен аталған демалыс орнында сырғанауға мүмкіндік алады. Биыл тау-шаңғы курортында трассалардың саны көбейіп, қашықтығы ұзартылған. Мысалы, бұрын мұнда ұзындығы 16 шақырымды құрайтын 13 трасса болса, қазір олардың ұзындығы 20 шақырымға жетті. 

Одан бөлек, қосымша жалға беру пункттері де ашылды. Сондай-ақ, 65 кәсіби нұсқаушы жұмыс істейтін тау-шаңғы мектебінің жаңа нүктелері жұмыс істеп тұр. Мамандар 3 жастан асқан балалардың өзін 2 сағат ішінде шаңғымен сырғанауға баулиды.  

«Біз мұндағы трассалардың сапасын жақсарттық. Ландшафтты өзгертіп, қауіпті зоналарды алып тастадық. Тау-шаңғы трассаларын тастан түгелдей тазарттық. Қазір олардың сапасы тіпті керемет. Одан бөлек, жаз бойы қарландыру жүйесін қосып қойғандықтан, қысқы маусым былтырғыдан әлдеқайда ұзағырақ болмақ», - деді «ALINA GROUP» ЖШС жарнама және PR бөлімінің басшысы Майя Леонова. 

«Alma TV» кабельдік телевизия операторы қашан да салауатты өмір салтын қолдайды. Сол себепті де компания қысқы маусым акциясын табиғаты ерекше сұлу жерде өткізбек. Өтініштер желтоқсан айының ортасына дейін қабылданып, байқау екі аптаға созылады.

Айта кетейік, «Oi Qaragay – Лесная Сказка» тау-шаңғы кешені Алматы қаласының туристік нысандарының бірі. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғандай еліміздің ішкі және сыртқы туризмін дамытуда аталмыш нысанның маңызы ерекше. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шаңғышы