02.12.2019, 10:32

«Рухани жаңғыру»: Алматыда ҚХА өкілдері студенттермен кездесті

Олар ашық диалог кезінде Тұңғыш Президенттің өмірі мен саясаттағы сара жолы, дара тұлғасы туралы әңгімеледі.

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тұңғыш Президент күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен студенттер кездесті, деп хабарлайды Sn.kz.  

Олар ашық диалог кезінде Тұңғыш Президенттің өмірі мен саясаттағы сара жолы, дара тұлғасы туралы әңгімеледі.

«Елін сүйген Елбасы». Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар және белсенді студенттер кездесті. Олар ашық диалог кезінде Тұңғыш Президенттің өмірі мен саясаттағы сара жолы, дара тұлғасы туралы әңгімеледі. 

«Тұңғыш Президенттің есімі бүкіл Қазақстан халқы үшін маңызды. Себебі, сол кісінің басшылығымен біз алға жылжыдық, қарқын алдық, күш жинадық. Жақсы болу үшін алға ұмтылдық, бір-бірімізді етене түсінуге тырыстық. Керемет Қазақстан Республикасы мемлекетінде бүкіл ел татулықта өмір сүріп, алға қойған мақсат пен жоспарларды бір үйдің баласындай бірігіп жасауға тырыстық», - деді Алматы қалалық осетин этномәдени бірлестігінің төрағасы Қазбек Мамсұров.

Айта кетейік, 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл күннің шығу төркініне шолу жасар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілеген еді. 

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы екендігі ешкімде де дау тудырмасы анық жайт. Осыған орай аталған Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген ғаламат зор еңбегі танылған болатын.

Тегтер: Ассамблея