Шымкентте орта жастан асқан ер кісіні айуандықпен өлтірді деген күдікпен ағайынды екі жігіт қолға түсті деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Қайтыс болған азамат күдіктілердің үлкенінің қайынатасы екені анықталып отыр.
Оқиға 6 қаңтар күні таңертең орын алған. Таңғы алтылар шамасында спирттік ішімдікке тойып алған екі күдікті жәбірленушінің үйіне келіп, бұған дейін орын алған ерегісті шешпек болады. Ағайынды екеу 1964 жылы туған азаматты алдымен қылқындырып жерге құлатқан, кейін тепкілеп өлтіріпті.
Күдіктілер оқиға орнынан ізін суытып үлгергенімен, араға көп күн салмай тәртіп сақшылары оларды қолға түсірді. Қазіргі таңда олар қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы "кісі өлтіру" бойынша іс қозғалды.