$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттіктердің қаржысын үнемдеу 2,32 млрд. теңгеге жетеді

Атап айтсақ, табиғи монополия заңдылықтарына сәйкес базалық табиғи монополия субъектілеріне тарифтердің шекті деңгейлері 5 және одан да жоғары жылдарға бекітілген.

Тарифтердің шекті деңгейлері 5 және одан да жоғары жылдарға бекітілген. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қайынбердиев Дархан Әбілқасымұлы тарифтердің өсуі жайлы баяндады, деп хабарлайды Sn.kz.

Атап айтсақ, табиғи монополия заңдылықтарына сәйкес базалық табиғи монополия субъектілеріне тарифтердің шекті деңгейлері 5 және одан да жоғары жылдарға бекітілген.

"Бекітілген тарифтердің шекті деңгейлері бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтер сумен жабдықтау қызметі бойынша орташа есеппен 20,7 %, сарқынды суларды бұру қызметі бойынша (канализация) орташа есеппен 24,4% және жылумен жабдықтау қызметі бойынша орташа есеппен 16,2%-ға өсуі керек болған", - деді Дархан Әбілқасымұлы.

Алайда, тұрғындар үшін тарифтердің күрт өсуіне жол бермеу мақсатында Шымкент қаласының әкімдігімен және табиғи монополия субъектілерімен бірлесе отырып, тұрғындарға тарифтердің өсуін тежеу бойынша жұмыстар атқарылған.

Сондай-ақ, жүргізілген жұмыстарың нәтижесінде тұрғындар үшін тарифтерді төмендету туралы және 2019 жылдың деңгейінде қалдыруға шешім қабылдаған.

Демек, 2020 жылы газ, сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру, жылумен жабдықтау қызметтеріне тұрғындар үшін тарифтер көтерілмейді және қолданыстағы деңгейде қалады. Осы шешімнің арқасында тұрғындардың қаржысын үнемдеу 2,32 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қаржы