$ 444.22  476.38  4.82

Жаңа жылда балконнан салют атуға тыйым салынады

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының ақпаратына сенсек, былтыр Жаңа жылда үш балконда өрт шыққан.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Жаңа жыл мерекесінде балконда тұрып салют атуға тыйым салынады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Бұл туралы Өскемендегі Полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің инспекторы Айдар Манженов айтты.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының ақпаратына сенсек, былтыр Жаңа жылда үш балконда өрт шыққан. Осыған байланысты құтқарушылар тобы дабыл қағуда.

"Былтыр балконда от-шашу жағамын деп көршілерінің балконын өртеп алған қаншама оқиға тіркелді. Сондықтан да, от-шашуды ашық жерде жаққан дұрыс. Аталған талапты сақтамағандар, ҚР ҚК-нің 434 бабы «Бұзақылық» бойынша әкімшілік жазаға тартылады", - дейді инспектор Айдар Манженов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Жаңа жыл