12.10.2019, 17:23

Шымкентте жаңа нысандар пайдалануға берілді

Салтанатты ашылуға арнайы қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.

Жалпы инвестиция көлемі 550,7 миллион теңгені құрайды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласында бірнеше жаңа ойын алаңшалары ел игіліне тапсырылды, – деп хабарлайды Sn.kz.

Салтанатты ашылуға арнайы қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады. 

«Шымкент қаласы күннен күнге көркейіп, абаттанып келеді. Алдағы уақытта да сүйікті қаламыз одан әрі гүлденетін болады. Шымкент – мәдени, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамыған шаһарға айналмақ. Біздің негізгі мақсат – бюджетке жүк салмай, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктер және жеке инвестициялар тарту арқылы қордаланған мәселелерімізді шешу. Міне, бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылып отырған спорт алаңшалары тұрғындарының сүйікті демалыс аймағы мен жастарымыздың шынығатын негізгі орнына айналатынына бек сенімдімін», - деді Ерлан Қуанышұлы. 

Ал, жергілікті тұрғындар болса жаңа нысандарды бүлдірмей, ұқыпты етіп, көздерінің қарашығындай сақтайтынын жеткізді. Айта кетейік, аталмыш нысандарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «STRONG SERVICE» ЖШС-і жүзеге асырды. 

Дәлірек айтсақ, бұл компания 11 ашық спорт, 4 балалар ойын алаңшаларын және 5 тренажер алаңшасының құрылысын аяқтаған. Тиісінше жалпы, инвестиция көлемі 550,7 миллион теңгені құрайды.

Тегтер: жаңа нысан