$ 444.14  477.05  4.85

Бүгін Алматыда қайырымды жандарға арналған «Ел бірлігі - 2019» сыйлығы табысталды

Сондай-ақ, Әлия Назарбаеваның «Қоғамдық маңызды бастамалар» Қоры арнайы сыйлық тағайындаған екен.

Бүгін Алматыда жыл сайынғы «Ел бірлігі - 2019» сыйлығы табысталды, деп хабарлайды Sn.kz. 

Аталмыш іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. 

«Жастарға жол» Қоғамдық қоры мен «Қазақстанның балалар үйінің түлектері» Ассоциациясы бірлесіп, «Қазақстанның Қоғамдық маңызды бастамалар» Қорының қолдауымен өткен шара барысында жыл сайынға «Ел бірлігі - 2019» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.

Сондай-ақ, Әлия Назарбаеваның «Қоғамдық маңызды бастамалар» Қоры арнайы сыйлық тағайындаған екен.

Осыған орай, бүгін Алматыда «Қазақстанның балалар үйінің түлектері» Ассоциациясының 2019 жылғы атқарған шаруалары жайлы арнайы баспасөз жиыны өтті. 

Жиынға қамқоршылық кеңес мүшелері Салтанат Рақымбекова, Зульфия Байсақова, Марианна Гурина және баксқа да есім-сойы елге белгілі қоғам белсенділері келіп қатысты. 

Аталмыш Ассоциация 2018 жылдың 14 желтоқсанында құрылған. Қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды мақсат еткен аталмыш ұйымды құрушылардың дені жастар. 

Ассоциация Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған сәтінен бастап жұмыс жасап келеді. 

Сонымен қатар, аталмыш Ассоциацияның тағы бір мақсат-міндеті – Қазақстанның балалар үйінде тәрбиеленіп шыққан түлектерін қоғамдық өмірге бейімделуге үйрету және тұлға болып қалыптасуына жан-жақтылы қолдау көрсету.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары