$ 498.34  519.72  4.85

«Рухани жаңғыру»: Елбасына құрмет – ұрпаққа үлгі

Кеш соңында мектеп директоры Р.С. Дайрбаева сөз алып, келген қонақтарға әсерлі әңгімелері мен жас ұрпаққа үлгі боларлықтай өмірі мен Отан игілігіне арнаған еңбектері үшін алғыс білдірді.

Алматыдағы №184 жалпы білім беретін мектепте  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – жеке тұлға ретінде» атты әдеби-музыкалық кездесу кеші өтті, деп хабарлайды Sn.kz.  

Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тұңғыш Президент күніне орайластырылып өткізілген.

Шараға Қарасай аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры, ақын Серік Қалиев, ҚР білім беру ісінің үздігі, 40 жыл ұстаздық еңбек жолының 20 жылын Қарасай аудандық білім бөлімінде әдіскер-инспектор қызметін атқаруға арнаған, Үшқоңыр орта мектебіндегі «Президент әлемі» мұражайының ғылыми қызметкері әрі демеушісі, «Менің Президентім», «Бейбітшілік пен жасампаздыққа 20 жыл» атты туындылардың авторы, Елбасының арнайы қабылдауында үш рет болған ұлағатты ұстаз Ақлима Көсемова, аталмыш білім ошағы ғимараты орналасқан «Теректі» ықшамауданы Ақсақалдар алқасының төрайымы, зейнеткер ұстаз Айгүл Құдабаева, «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалының статистика және есеп секторының меңгерушісі Жарқын Алдамбергенқызы, Алматы қаласы мен Қарасай ауданы арасындағы мәдени байланыстың алтын көпірі іспеттес өнер иелері Аякөз Ахметова мен «JS» тобы қатысты. 

Кеш соңында мектеп директоры Р.С. Дайрбаева сөз алып, келген қонақтарға әсерлі әңгімелері мен жас ұрпаққа үлгі боларлықтай өмірі мен Отан игілігіне арнаған еңбектері үшін алғыс білдірді.

«Қонақ – ырыс, той – қазына», – деп қасиетті халқымыз бекер айтпаса керек. Осы білімнің қара шаңырағында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай өткізіліп отырған кездесу кеші тойдың бастамасы, болашақта тойымыз тойға ұласып, мектебімізде бұдан да ауқымды іс-шаралар өткізіліп, қадірменді қонақтарымыздың өмірі мен еңбек жолы жеткіншек ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде танылса екен деген тілектеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#құрмет