$ 494.87  520.65  4.91

«Рухани жаңғыру»: Алматылық ЖОО аталмыш бағытта қандай жұмыстар атқарды?

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыруда Алматыдағы Қазақ қыздар мемлекеттік университеті атқарған шаруалар аз емес.  аталмыш шаралардың бірсыпырасы туралы Қазақ қыздар мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Р. Балтиева баяндап берді, деп хабарлайды Sn.kz. 

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мәні мен мазмұны терең мақаласында ұлттық рухани болмысымыздан ажырамау, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен өнеріміз, әдебиетіміз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс екендігін айттып өтті. 

Руханият – адамзаттың ішкі жан дүниесінің баға жетпес көрсеткіші. Руханият негізінде адамның мінезі, ар-ұяты, сана-сезімі мен қарым-қатынасы, жалпы айтсақ адамгершілік қасиеттері дамиды. Бұл өз тарапынан мейірімділік пен игі әрекеттерге баулиды. 

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. «Қазақ халқының шығу тегіндегі антропологиялық және этникалық ерекшеліктер» атты қазақ халқының шығу тегін айқындау мақсатында студенттерге тарихи лекциялар мен «Мәдени мұра-асыл қазынам» атты іс-шаралар барлық факультеттерде өткізіліп келеді. 

Мемлекеттік тілді және этносаясатты түсіндіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының, дәстүрлі дін  және құқық қорғау органдары өкілдерін шақыру арқылы келісім және әртүрлі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрмет, студенттер арасында этникааралық шиеленістерге жол бермеу, ұлтаралық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын-алу  бойынша түрлі шаралар  мен «Қазақ жастары неге басқа дінге кетіп жатыр?» тақырыбында студенттер арасында пікірсайыс өткізілді.

Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта тіл мәселесі күн тәртібінен түсіп көрген емес. Жастардың ана тілін толық игеруіне мүмкіндіктер жеткілікті. Тек соған оларды бағыттай білу қажет. Осы орайда «Тіл бірлігі – ел бірлігі» атты тақырыпта тіл апталығын өткізу дәстүрге айналды.

Университетте бірыңғай қыздар оқығандықтан, бұл факторды да ұмытуға болмайды. Бүгінгі қыздар - ертеңгі аналар. Келешек ұрпақты тәрбиелеу де солардың маңызды міндеті екені белгілі. Сондықтан бұл мәселеге оқу орнында ерекше мән беріледі. «Қыз – болашақ Ана» тақырыбы аясында түрлі диспуттар ұйымдастырылып, оған психолог, дәргер және басқа да мамандар шақырылып жан-жақты әңгімелер қозғалады.

Бүгінгі күні салауатты өмір салтын орнықтыру да өте маңызды. Жастар арасындағы ішімдікпен әуестеніп, нашақорлыққа салынып жатқандар әлі де аз емес. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға және жағымсыз қылықтарға жол бермеуге бағытталған іс-шаралардың барысында  жастар ұйымдарын тарту арқылы оқу орындарының студенттері арасында есірткі, ішімдік және темекі шегудің алдын алу жөніндегі семинарлар өткізіп,   «Нашақорлық ғасыр індеті», «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыптарында  топ тәлімгерлері мен студенттер арасында  арнайы жұмыстар жүргізіледі.

Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлық мәселесі елімізде ушығып тұр. Бүгінгі студенттер ертеңгі мамандар болғандықтан осы бағытта бүгіннің өзінде тиянақты жұмыстар жүргізуіміз керек. Бұл ертеңгі күні жемқорлықтың жолын жабуға арналған тиіміді әдіс. Сыбайлас жемқорлыққа  байланысты факультет студенттерінің  арасында сауалнама алынып, «Парасыз сессия», «Операция, сессия!», «Таза сессия!» және т.б. акциялар ұйымдастырылады.

Осы аталған іс-шаралар университет студенттерінің болашақта адал, білікті, рухани кемелденген маман болып шығуына игі әсерін тигізері сөзсіз.

Р. Балтиева,
Қазақ  мемлекеттік  қыздар педагогикалық  университетінің аға оқытушысы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары